Описание
Батырлар жыры – әр халықтың тарихындағы елеулі кезеңдердң жырлайтын, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі жоғары халықтық шығарма. Батырлық жырлар тарихта болған шын оқиғадан өрбіп, оны жеткізушілер әртүрлә көлемде, әр қилы таным-талғам тұрғысынан жырлап, мезгіл өткен сайын толықтырып, жаңартып отырған. Бұл кітапқа қазақ халқының классикалық үлгідегі танымал эпостары «Алпамыс батыр» мен «Қобыланды батыр» енгізілген. Туындылардың сюжетінде бағзы замандар дүние-танымы, наным-сенімдері бертіндегі эпостық дәстүрмен жымдаса өріліп, тамаша үйлесім тапқан.
Басылым материалдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Дала фольклорының антологиясы» атты 10 томдық жинағы негізінде дайындалды.





Отзывы
Отзывов пока нет.