Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары

4,500 ₸

Описание

Қазақ халқының табиғат-анамен үндес тілшілік кеше отырып қалыптастырған салт-дәстүрі – “адамгершілік” деп аталатын ұлы ұғымның алтын қазығы. Алтын қазықтан адаспай, бетті соған бұрғанда ғана елдіктің іргесі бекіп, адам аты асқақтай түсетінін қазақ елінің өткен өмір жолы дәлелдеп береді. Саналы ғұмырын осы бай мұраны жинақтауға арнап, оқырманын сан мәрте тартымды кітаптарымен баурап, баулып келген белгілі қаламгер, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы өзінен бұрынғы тарихшы, этнограф ғалымдарды зерделей отырып, іргелі еңбек құрастырды, шашырап жатқан мол қазынаны энциклопедиялық жүйеге түсіріп, көптеген терминдердің төңірегінде қосымша мол мағлұмат ұсынды. Бұрын көп айтыла қоймаған ырым мен тиым, жөн жосық, жол-жоралғы, ұлттық қағида, ғұрып, әдеп пен әдет сияқты қазақтың өмірлік үлгі, тәлім-тәрбие ережелерін саралады. Өз ұлтын мақтан тұтатын кез келген зерделі азаматтың кітап сөресінен орын алуға лайық бұл энциклопедиялық басылым белгілі қылқалам шеберлерінің суреттерімен әсем безендірілген.

Детали

Авторы

Сейіт Кенжеахметұлы

Баспасы

Атамұра

Мұқабасы

Қатты

Бет саны

384

Отзывы

Отзывов пока нет.

Будьте первым, кто оставил отзыв на «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары»

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *